Ибрагимович алдағы бір ай бойы командасына көмектесе алмайды

24.11.2020, 02:31
«Милан» команданы жалғыз өзі алға сүйреп жүрген қаһарманынан айырылды.
Ибрагимович алдағы бір ай бойы командасына көмектесе алмайды

"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович А сериясының 8-туры аясында "Наполимен" болған ойында жарақат алды (3:1).

39-жастағы футболшы бірінші және екінші таймдарда гол соқты, ал 79-минутта жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Бастапқы тексеру нәтижесі сол жақ санның бұлшықеттерінде мәселелер бар екенін көрсетті.

Sky Sport Italia басылымының хабарлауынша, бүгін Златан тағы бір медициналық тексеруден өтеді, содан кейін ғана оның қалпына келу уақыты белгілі болады. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, швед шабуылшысы үш-төрт апта бойы алаңға шыға алмауы мүмкін.

Егер бұл болжам шындыққа айналса, Ибрагимович "Миланға" Италия чемпионатындағы "Фиорентина", "Сампдория", "Парма", "Дженоа" және "Сассуоломен" болатын матчта және Еуропа Лигасындағы "Лилль", "Селтик" және "Спартаға" қарсы матчтарда көмектесе алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×