Ибрагимович кубокты жеңді

27.02.2017, 15:54
Ибрагимович кубокты жеңді
Кеше лондондағы "Уэмбли" стадионында Лига Кубогінің финалы өтті. Финалда "Саутгемптон" және "Манчестер Юнайтед" құрамалары кездесіп, тартысты өткен кездесуде 3:2 есебімен Жозе Моуринью шәкірттері басым түсті. Ойында Златан Ибрагимович және Маноло Габбьядини қос голдан соқса, Джесси Лингард 1 мәрте дәл соққысымен көзге түсті. "Манчестер Юнайтед" лига кубогін осымен 5-рет жеңіп алды. Айта кетсек, Лига Кубогін "Ливерпуль" клубы 8 мәрте жеңіп алған, бұл әзірге ең жоғарғы көрсеткіш тиісінше лондондық "Арсенал" осы турнирде 5 рет финалис атанған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×