Ибрагимович маусымның соңында «Миланнан» кетіп, Швецияға оралады

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
15.05.2020, 22:00
Ол қазір сол клубта жаттығып жүр.
Ибрагимович маусымның соңында «Миланнан» кетіп, Швецияға оралады

Златан Ибрагимович маусым соңында "Миланнан" кетіп, Швецияға оралады деп хабарлайды Football Italia. Швед шабуылшысы келісімшартты ұзартудан бастартқан. Өздеріңіз білетіндей клуб пен ойыншының арасындағы келісімшарт осы жазда аяқталады. Италиялық басылымдардың айтуына қарағанда 38 жасар шабуылшы "Хаммарбю" командасының қатарын толықтырмақ.

Златан "Миланның" қатарына 2020 жылдың қаңтар айында "Лос-Анджелес Гэлаксиден" ауысып келген болатын. Ағымдағы маусымда сегіз ойынға қатысып үш гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×