Ресми: «Бавария» мен TikTok серіктес атанды

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
15.05.2020, 21:07

"Бавария" танымал қытайлық әлеуметтік желі ТикТокпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы неміс клубы өзінің ресми сайтында жариялады. Мюнхендік клуб Тиктокпен серіктес атанған футболдағы алғашқы ұжым атанып отыр. Клуб менеджерлерінің айтуынша жаңа келісімшарт жанкүйерлермен байланысты арттыруға көмектеседі.

TikTok — қысқа музыкалық бейнелер, тікелей эфир жасауға және хабарлармен алмасуға мүмкіндік беретін қытай әлеуметтік желісі. Қытайда Douyin аттымен танымал.2018 жылы жазда іске қосылды. Қазіргі кезде басқа елдерде танымал, ең жылдам дамып келе жатқан және ең көп жүктелген әлеуметтік желілердің бірі. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні әлемнің 150 елінен 500 миллионнан астам қолданушы қолданады. Желінің негізгі аудиториясы ретінде жасөспірімдер саналады. Алайда, Қытайда қолданушылардың 60%-ы 25-44 жас аралығында.

"Бавария" өзінің ТикТоктағы аккаунтын 2018 жылы ашты. Содан бері 800.000 жазылушы жинап үлгерді. Аккаунтқа қолданушыларды жинау үшін күнделікті видеолар мен апта сайын онлайн-трансляция жасап тұрады. Сондай-ақ желідегі видео түсіруді клубтың ойыншылары Давис, Боатенг пен Левандовски бастап та кетті. Көрсеткіш бойынша тізімді Роберт Левандовски бастап тұр. 31 жасар ойыншының аккаунтында 1.3 млн жазылушы мен 6.8 млн лайк жиналған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×