Ибрагимович: «Мен сіз сияқты емеспін. Мен - Златанмын»

26.07.2020, 17:10
Златан өзінің хейтерлеріне жауап берді.
Ибрагимович: «Мен сіз сияқты емеспін. Мен - Златанмын»

«Милан» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович өзінің твиттерінде оған сенбейтіндерге үндеу тастады.

«Сіз мені шаршады, мансабым жақында аяқталады деп ойлайсыз. Сіз мені білмейсіз. Маған өмір бойы күресуге тура келді. Маған ешкім сенбеді, сондықтан мен тек өзіме сендім. Кейбіреулер мені құлатқысы келді, бірақ олар мені күшейте түсті. Басқалар мені пайдаланғысы келді, бірақ мені ақылды етті. Ал енді мені шаршады деп ойлайсыз ба? Мен барлығыңызға бір ғана нәрсе айта аламын - мен сіз сияқты емеспін, өйткені мен сіз емеспін. Мен Златан Ибрагимовичпін, және бұл жай ғана дайындық», - деді Ибрагимович.

Златан "Миланға" қысқы трансфер терезесінде келген еді. Қазіргі А сериясының 16 ойынында 38 жастағы шабуылшы 7 гол соғып, 4 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×