Ибрагимович «Миланда» қала ма?

31.07.2020, 15:40
Златанның «Миланмен» келісімшарты тамызда аяқталады.
Ибрагимович «Миланда» қала ма?

Златан Ибрагимович "Милан" футбол клубында қалуға шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Келіссөздер әлі басталған жоқ, бірақ тараптар келісімге қол жеткізе алатынына күмән келтірмейді. Ибрагимовичтің өзі клубта қалуға ниет білдірді.

Ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы шабуылшы әр түрлі бонустарды қосқанда дылына төрт миллион еуро алады. Ибрагимовичтің қазіргі келісімшарт мерзімі тамыз айының соңында аяқталады.

"Милан" Ибрагимовичтің ауысқанын өткен жылдың желтоқсан айының соңында жариялаған болатын. Клуб үшін өткен 19 матчта футболшы он гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×