«Интер» Мессиге 260 миллион еуро ұсынбақ

31.07.2020 10:29 А сериясы

Бұл Мессидің қазіргі жалақысынан едәуір көп.

«Интер» Мессиге 260 миллион еуро ұсынбақ

«Интер» клубы «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді 2021 жылы, каталондық клубпен келісімшарты аяқталған кезде алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Милан News 24»

"Интер" басшылығы Мессиге 260 миллион еуро көлеміндегі төрт жылдық келісімшарт ұсынбақшы. Яғни, Лео жылына 65 миллион еуро пайда табатын болады.

"Интердің" бас директоры Джузеппе Маротта бұған дейін Милан соборында Мессидің бейнесінің пайда болуы туралы түсінік берген болатын.

Еске салайық, соңғы кездері «Интер» клубының Мессиге қызығушылық білдіргені туралы ақпараттар көбейіп кетті. «Интер» қожайындары шабуылшының жоғары жалақысынан қорықпайтындығы және аргентиналық футболшыға жылына 50 миллион еуро төлеуге дайын екендігі де айтылды.

0 пікір