Ресми: Исламхан «Аль-Айнмен» келісмшартқа отырды

31.07.2020, 14:22
Алдағы үш жыл бойы Исламхан «Аль-Айн» клубының намысын қорғайтын болады.
Ресми: Исламхан «Аль-Айнмен» келісмшартқа отырды

Бауыржан Исламхан ресми түрде "Аль-Айнмен" келісімшартқа отырды. ⠀ Келісім үш маусымға жасалды. Клуб 27 жастағы Исламханмен келісімшартқа қол қою туралы шешімді бас жаттықтырушы Педро Эмануэльдің ұсынысынан кейін техникалық комитет қабылдағанын атап өтті. ⠀

Жаңа келісімге қол қоймас бұрын Исламхан БАӘ-де жеті күн карантинде болды. Ол екі рет коронавирус сынағынан өтіп, одан бөлек толық физикалық тексеруден өтті. Бұған дейін оның жаңа келісімшарт бойынша жалақысы белгілі болған еді.

Ол 31 қаңтарда БАӘ клубына ауысып, 10 матчта бір гол соқты және үш голдық пас берді. Енді Исламхан өзінің серіктестерімен бірге оқу-жаттығу жиынына қосылады. БАӘ жаңа чемпионаты 3 қыркүйекте басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×