"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович жаңа рекорд орнатты. 39 жастағы шабуылшы А сериясының 8-турындағы "Наполиге" қарсы матчта дубль авторы атанды. Нәтижесінде кездесу 3:1 есебімен "Миланның" пайдасына аяқталды.
Ибрагимович А сериясының қатарынан сегізінші матчында гол соқты. Ол клуб тарихында мұндай жетістікке жеткен алғашқы футболшы атанды.
"Милан" жеті турда 20 ұпай жинап, Италия чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап келеді. Ибрагимович чемпионаттың 6 матчына қатысып, 10 гол соқты (2 пенальтиден) және 1 нәтижелі пас берді. Бұған дейін шабуылшы маусымның соңында "Миланда" қалуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET