Луис Суарес: «Мессимен болған жағдай мені қатты алаңдатады»

23.11.2020, 17:33
«Барселонадан» Мессиге қарағанда Куман ертерек кететін секілді.
Луис Суарес: «Мессимен болған жағдай мені қатты алаңдатады»

«Атлетико» шабуылшысы Луис Суарес жазғы трансфер терезесінде кеткісі келген «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиге қолдау білдірді.

«Мен «Барселона» туралы тым көп сөйледім деп ойлаймын және «Атлетикодағы» керемет сәтімді ескере отырып, жағдайды сол күйінде қалдыруды жөн көремін. Бірақ Мессидің досы, серіктесі ретінде бұл жағдай мені алаңдатады. Мен оны досым ретінде үнемі ойлап жүремін, бірақ оның бұл жағдайды жеңе алатындығын білемін», - деді Суарес Mundo Deportivo-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, өткен маусымның соңында Месси келісімшарттағы тегін кетуге мүмкіндік беретін опцияны қолданып, клубын ауыстырғысы келетіндігі туралы мәлімдеген болатын. Клуб басшылығы аргентиналық футболшыны бұл нұсқа енді жарамсыз деп жіберуден бас тартты. Каталониялық клуб Леоны 700 миллион еуро өтемақы төлеген клубқа ғана жіберуге дайын болды. Ал 33 жастағы шабуылшы «Барселонамен» соттаспау туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×