«Қайрат» алты ойыншыдан құтылуды жоспарлап отыр

23.11.2020, 17:09
Бұл жоспарға Еркебұлан Сейдахмет пен Адеринсола Эсеола да кірді.
«Қайрат» алты ойыншыдан құтылуды жоспарлап отыр

"Қайраттың" бірнеше ойыншысы клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz. Әңгіме Адеринсола Эсеола, Еркебұлан Тұңғышбаев, Конрад Вжесиньский, Камо Оганесян, Денис Поляков және Еркебулан Сейдахмет туралы болып отыр.

Өткен маусымның үздік сұрмергені Эсеола Абат Айымбетов пен Вагнер Лавтың келуімен негізгі құрамдағы орнынан айырылды. Осы маусымда украиналық 17 матчта тек екі гол соқты. Ал Вжесиньский "Қайратқа" 2019 жылдың қаңтарында қосылды. Ол алматылық клуб сапында бас-аяғы 36 матч өткізіп, алты гол соқты. Ағымдағы маусымда польшалық легионер де негізгі құрамдағы орнынан айырылды.

Тұңғышбаев өткен маусымда "Қайраттың" керемет трансферлерінің бірі саналды. Екі жыл бойы команда құрамында 24 ойын өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ. Камо Оганесян "Қайратқа" "Жетісудан" осы жылдың қаңтарында ауысып келді. Армениялық футболшы алматылық клуб сапында 14 матч өткізіп, бір гол соқты. Оның ішінде алты рет қана негізгі құрамда алаңға шықты.

Сейдахмет қазір "Жетісудың" намысын қорғап жүр, бірақ ол "Қайратқа" тиесілі. Еркебұлан алматылық клубқа 2019 жылдың маусымында "Левскийден" ауысып келді. Ол "Қайрат" жейдесінде 18 матч өткізіп, бір гол соқты. Поляков осы жылдың тамыз айында 1,5 жылдық келісімшартқа отырып, Алматылық клубқа қосылған еді. Негізгі ойыншыға айналмаған тәжірибелі қорғаушы сегіз матч өткізіп, бір гол соқты.

"Қайраттың" басшылығы мықты ойыншыларды шақыру арқылы команданы алдағы Чемпиондар Лигасына байланысты күшейтуге ниетті. Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда "Қайрат" соңғы 16 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×