Ибрагимович жанкүйерлерге: «Сіз Златан емессіз. Коронавирусқа жеңіл-желпі қараудың қажеті жоқ»

30.10.2020, 02:47
Златан соңғы үш ойында төрт гол соқты.
Ибрагимович жанкүйерлерге: «Сіз Златан емессіз. Коронавирусқа жеңіл-желпі қараудың қажеті жоқ»

«Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович жанкүйерлерге коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін әлеуметтік арақашықтықты және басқа ережелерді сақтауға шақырды.

«Вирус маған қарсы шықты, мен жеңдім. Бірақ сіздер Златан емессіздер. Коронавирусқа жеңіл-желпі қараудың қажеті жоқ. Маска киюді, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды және айналаңыздағы адамдарға әрқашан қамқорлық жасауды ұмытпаңыз. Біз жеңеміз», - деді Ибрагимович өзінің Instagram парақшасында жарияланған видеода.

Златан осы маусымда Италия чемпионатының 3 матчқа қатысып, 6 гол соқты. Еске салайық, 24 қыркүйек күні шабуылшының вирус жұқтырғаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×