Игита: «Қызыл қағаз алғаным үшін Қазақстаннан кешірім сұраймын»

29.04.2021, 17:53
«Қайрат» жартылай финалда «Барселонамен» кездеседі. Ал Игита бұл матчқа қатыса алмайды.
Игита: «Қызыл қағаз алғаным үшін Қазақстаннан кешірім сұраймын»

"Қайрат" футзал клубының қақпашысы Игита өзінің Instagram парақшасында қызыл қағаз алғаны үшін кешірім сұрады және Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы "Бенфикаға" (6:2) қарсы өткен ойынды қорытындылады:

- Бүгін қуанышты және қайғылы күн! Мен біздің жігіттердің ерлік жасап, келесі кезеңге өткеніне қуаныштымын және өзімнің қызыл қағаз алғаныма қайғырдым! Мені ойыннан шығарып тастады және төрешінің бұл әрекеті дұрыс болды. Менің жеңіске деген ынта-ықыласым сонша, өз командамды осы турнирден тыс қалдыруға шақ қалдым! Бірақ бұл жауынгерлер, әсіресе Нарун Серіков бұл жағдайдың командаға зиянын тигізуге жол бермей, жоғары деңгейде ойнады! Бұл "Қайрат"! Эмоциялар, клубқа берілгендік, махаббат және сапа!

Қызыл қағаз алғаным үшін Қазақстаннан кешірім сұраймын. Мен білемін, көптеген жанкүйерлер бұл эпизодқа алаңдап, ренжіді! Біз тіріміз және финалға шығу үшін "Барселонаға" қарсы ойында бар күшімізді саламыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×