Игорь Бугаев – «Жетісумен» өткен ойыннында «Локомотивтің» үздік ойыншысы

10.03.2011, 23:49
Игорь Бугаев – «Жетісумен» өткен ойыннында «Локомотивтің» үздік ойыншысы

«Локомотив» футбол клубының ресми сайтында талдықорғандық «Жетісуге» қарсы көрсеткен ойында елордалық үздік футболшыны анықтау үшін дауыс беру рәсімі өтті. Дауыс берудің қортындысы бойынша бірінші орынды молдовилық форвард Игорь Бугаев иеленді. Онбірінші нөмірде өнер көрсеткен елордалық клубтың ойын шысы алаңда 90 минут бойы өз белсенділігін танытумен болды. Екінші орынды сайт қолданушылардың ойынша Нұрбол жұмасқалиев иеленді. Жартылай қорғаушы алаңға капитан белгісін тағып шығып, қарсыласының қақпасына қауып төндіре отыра клубтың барлық стандарттарын орындап шықты. Үшінші орын жас қорғаушы Заурбек Плиевқа бұйырды. Зауырбек Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Кировты ойын барысында алмастырып, қорғаныстың оң қапталын толықтай қорғап шықты. Төртінші орынды тағы да елордалық клубтың мүшесі – Марк Гурман иеленді. Марк қарсыласының шабуылына төтеп беріп қана қоймай, оң қапталдағы өз командасының шабуылшысына көмегін көрсетті. Ал бесінші орынды ойында ең қауыпты сәттерді туындатқан қақпашы Алексей Белкин мен шабуылшы Данило Белич өз ара бөлісті. Данило Игорь Бугаевтің берген добын баспен қақпаның жиегіне соқты. Өкінішке орай, сербиялық форвард ойын соңына шекті өнер көрсете алмай, жарақаттанып ойынның бірінші бөлімінде басқа ойыншымен алмастырылды.

КФФ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×