Игорь Пикущак: «Барлығы өзгеруде, ойыншылар жаңаша жұмыс істей бастады»

25.07.2022, 16:08
Оралдық клуб қатарынан екінші матчта жеңіске жетті.
Игорь Пикущак: «Барлығы өзгеруде, ойыншылар жаңаша жұмыс істей бастады»

«Ақжайық» командасының бас бапкері Игорь Пикушчак Қазақстан кубогіні үшінші турында «Қызыл-Жарға» (1:0) қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді:

- Біз жеңдік. Шынымен де жеңгіміз келді. Менің ойымша, негізінен ойын тең дәрежеде өтті. Матч соңында тағы бірнеше гол соғатын мүмкіндік жасағанымызбен, салқынқандылық жеткіліксіз болды. Жалпы ойын туралы айтатын болсақ, бұл кездесуде ешкім жеңілгісі келмеді. Біз жеңісті жолды жалғастыруды көздедік. Барлығы өзгеруде, ойыншылар жаңаша жұмыс істей бастады. Бұл жаттығу процесінің нәтижесі. Мен өте қуаныштымын, барлық жанкүйерлерді, бүкіл команданы жеңісімен құттықтаймын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×