
Қарағандының "Шахтёр" клубының қақпашысы әрі капитаны Игорь Шацкий Қазақстанның Футбол лигасына берген сұхбатында жаңа маусымның басталуы, клубтың мақсаттары және Бірінші лигадағы басты бәсекелестері туралы айтып өтті.
Қақпашы Шацкийдің айтуынша, команда маусымға үлкен мақсаттармен кірісті.
"Маусымдағы ең жоғарғы мақсатымыз - Премьер лиганы Қарағандыға қайтару. Бізде тамаша ұжым жиналды, күн сайын жаттығамыз, бар күшімізді жеңіске арнаймыз." — деді капитан.
"Шахтёр” маусымды сенімді түрде бастады, алғашқы екі ойында да жеңіске жетті. Шацкий команда жеңісті жолдан жаңылмай, әр тур сайын күшейе түсуді көздеп отырғанын атап өтті:
"Бастапқы қарқынды түсіріп алмау өте маңызды. Әр матчта өзімізге сенімді болуымыз керек."
Сонымен қатар, әр ойынға барынша жауапкершілікпен қарау қажет екенін жеткізді:
"Шахтёр" барлық қарсыласын құрметтейді. Бірінші лигада да бәсекеге қабілетті командалар жеткілікті. Әзірге бір-екі ойын ғана өтті, нақты баға беру қиын. Бірақ бізге қарсылас командалар ерекше дайындықпен шығатыны қазірдің өзінде байқалады. Әр түрлі ойын сценарийлеріне дайын болуымыз керек."
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET