Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Игорь Шацкий биылғы маусым аяқталғаннан кейін кәсіби мансабын аяқтау нұсқасын қарастыруда, деп хабарлайды Aladop.kz.
37 жастағы "Шахтер” капитаны өз мансабын туған клубында сәтті аяқтап, Қарағандылықтардың Қазақстан Премьер лигасына қайта оралуына көмектесуді көздеп отыр.
Айта кетейік, Шацкий бұған дейін де футболшы ретіндегі жолын дәл осы "Шахтер” сапында түйіндеуді армандайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Қазіргі уақытта "Шахтер” Бірінші лигада көш бастап тұр. 16 матчтың қорытындысы бойынша Қарағандылық клуб 43 ұпай жинады. Келесі турда команда өз алаңында Ақтаудың "Каспий 2” ұжымын қабылдайды.