Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро 2026 жылғы әлем чемпионатында команда тап болған негізгі мәселелерге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Италияндық маман футболшылардың деңгейі мен ойын қарқындылығы туралы осыдан сегіз-тоғыз ай бұрын ескерткенін алға тартты. Каннавароның айтуынша, ол әлем чемпионатындағы қарқынның өте жоғары болатынын алдын ала түсінген, сондықтан ойыншылардан үнемі жоғары жылдамдықта әрекет етуді талап еткен.
2026 жылғы мундиаль Өзбекстан құрамасы үшін ауыр болды. Команда топтық кезеңде өткізген үш кездесуде де жеңіліске ұшырады.
Бұл нәтижелер футбол қоғамдастығында үлкен талқылау тудырды. Мәселен, Өзбекстан құрамасының бұрынғы бапкері Валерий Непомнящий Каннавароның әлем чемпионатында қолданған тактикасын сынға алды. Сонымен қатар, Каннаваро қызметке тағайындалған кездің өзінде кейбір танымал журналистер бұл шешімге наразылық танытқан болатын.
Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасына 2025 жылы келді. Оған дейін ол Загребтік "Динамо", "Удинезе", "Беневенто" клубтарында, сондай-ақ Қытай ұлттық құрамасы мен "Тяньцзинь Цюаньцзянь" командасында жаттықтырушылық тәжірибе жинақтаған. Каннавароның айтуынша, ол мундиальда қиындықтар туындайтынын білген, бірақ көпшілік оның ескертулеріне құлақ аспаған.