
Қос құрама қыркүйекте шеберлік байқасуы ықтимал.
Бұл туралы Sports.kz мәлімдеген болатын.
VOL басылымының хабарламасына сәйкес, Индонезия Қазақстаннан бөлек тағы Ресей және Өзбекстанмен жолдастық кездесуді жоспарлап отыр. Индонезиялық басылымның мәліметіне сенсек, жергілікті команда бұл ойындарды ӘЧ-2026 Азия аймағының төртінші кезеңіне дайындық ретінде қарастыруда. Бастапқыда, индонезиялық футболшылар Малайзия құрамасымен кездесуі керек болған көрінеді. Алайда, бұл матчты ұйымдастыру мүмкін болмаған соң басқа варианттарды іздеуге мәжбүр болыпты. Сонымен, Индонезия футбол қауымдастығы жалма-жан қараған нұсқалардың арасынан Қазақстан, Ресей және Өзбекстанға тоқтаған еді.
Осыған дейін Ресей жағы аталған матчқа қызығушылық танытатыны да жазылды. Ал екі команда Мәскеу не Джакарт қалаларының бірінде жолдастық ойын өткізу мүмкін делінген.
Біздің серіктес: FONBET