Рафинья: “Италия құрамасында ойнауға шақ қалдым.”

05.05.2025, 14:00

“Барселонаның" жұлдызы Рафинья Италия құрамасында ойнауға өте жақын болғанын айтты.

Рафинья: “Италия құрамасында ойнауға шақ қалдым.”

Рафинья:

“Мен Италия құрамасының шақыртуын қабылдауға өте жақын болдым. Олар 2020 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған кезде, мен сол құрамға шақырылуға тиіс едім. Барлығы дайын болған. Бірақ, Италиялық паспортым уақытында дайын болмады. Ол кезде Италия құрамасынан адамдар менімен үнемі хабарласып тұрды. Жоржиньо маған үнемі қоңырау шалатын. Италия құрамасының жаттықтырушылары маған керемет жоба ұсынды, бұл мені қатты қызықтырды.” - деді ол журналист Исабела Пальяриге берген сұхбатында.

“Дегенмен, сол сәтте жүрегімнің тереңінде Бразилия жейдесін киемін деген үміттің әлсіз сәулесі сөнбей тұрған еді. Бақытымызға орай, Италиялық төлқұжатым дер кезінде дайын болмай қалды."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×