Иньеста жаңа келісім-шартқа қол қойды

20.12.2013, 01:33
Иньеста жаңа келісім-шартқа қол қойды
   Испанияның «Барселона» клубы өздерінің үздік ойыншыларының бірі Андрес Иньестамен жаңа келісім-шартқа қол қойды. Иньеста енді Каталониялық команда сапында 2018 жылдың 30 маусымына дейін доп тебетін болады. Иньеста 12 жасында «Барселона» командасына қосылған. Содан бері 479 рет алаңға шығып, 48 гол соққан екен. Әрі командасымен бірге үлкенді-кішілі 21 чемпиондық атаққа қол жеткізген. Бұған қоса Испания ұлттық құрамасымен бірге екі мәрте Еуропа чемпионы, бір кезек әлем чемпионы атанды. Андрестің әсілгі келісім-шарты 2015 жылдың маусым айында аяқтауы керек болатын. Кейінгі уақыттарда да оның көмегі керек болатынын түсінген команда басшылары оған тағы үш жыл қалуды ұсынған екен. 2018 жылы Иньестаның 34 жасқа келетінін ескерсек, бұл оның футболшы ретінде жасасқан соңғы келісім-шарты болуы әбден мүмкін.  Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×