Рибери Германия Бундеслигасының үздік ойыншысы атанды

20.12.2013, 00:04
Рибери Германия Бундеслигасының үздік ойыншысы атанды
Германия басылымдарының хабарлауына қарағанда, бундеслиганың 2013 жылғы ең үздік ойыншысы деп «Бавария» командасының Франциялық жартылай қорғаушысы Франк Рибери танылған. Германияның бірінші және екінші бундеслигасындағы 36 команданың капитандары бір ауыздан Рибериді үздік деп таныған. Ал екінші орынды «Дордмундтың» шабуылшысы Левандовский иеленген. Рибери биыл «Бавария» сапында 44 рет алаңға шығып, 18 голдың авторы атанумен қоса, командаластарының гол соғуына 20 мәрте орай жаратқан екен. Осының алдында ғана, Еуропаның үздік ойыншысы деген атаққа қол жеткізген Французға енді кемі «Алтын доп» қана. Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×