«Интер» Кристиан Эриксенмен келісім-шартты бұзбақ

16.12.2021, 02:11
Эриксен А сериясының регламентіне байланысты Италияда ойнай алмайды.
«Интер» Кристиан Эриксенмен келісім-шартты бұзбақ

Миландық «Интер» Еуропа чемпионатында Финляндия құрамасымен болған матч кезінде жүрегі тоқтап қалған даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксенмен келісім-шартты бұзбақ, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport басылымы.

Осыдан кейін Эриксен кардиовертер-дефибриллятор құрылғысын пайдалануда. Бірақ Италияда мұндай құрылғылармен жұмыс істеуге қатаң түрде тыйым салынған. Осыған байланысты даниялық футболшы А сериясында өнер көрсете алмайды.

«Интер» Кристианды қаржылық жағынан тиімді ұсыныс алғанша қолдауға дайын. Миландық клубтың басшылығы жартылай қорғаушы басқа клубқа еркін агент ретінде қосылуы үшін Эриксенмен келісім-шартты бұзуға дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×