Тарихта алғаш рет Өзбекстан құрамасынан жеңілдік

16.12.2021, 01:27
Қолда тұрған жеңісті бағаламай, ғаламат камбэкке тап болдық.
Тарихта алғаш рет Өзбекстан құрамасынан жеңілдік

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан құрамасымен екінші жолдастық кездесуін өткізді. Матч бүгін, 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, 6:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда қазақстандықтар 3:0 есебімен алға шықты. Оразов, Ақбалықов және Дуглас мергендігімен көзге түсті. Алайда үзілістен кейін Рикардо Кака Игитаның орнына Рауан Атантаевты шығарды. Біздің жігіттердің босаңсығанын байқаған Өзбекстан құрамасы бес бірдей гол соқты. 36-минутта Арнольд Кнауб есепті қысқартқан еді, көп ұзамай қарсыластың қақпашысы мергендік танытып, матчтың нүктесін қойды.

Алғашқы жолдастық кездесуде Рикардо Кака шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Жолдастық матч

Қазақстан - Өзбекстан - 4:6

Голдар: Оразов, 2 (1:0) ; Ақбалықов, 3 (2:0) ; Дуглас Жуниор 6 (3:0) ; Кнауб, 24 (3:1) ; Хамроев, 27 (3:2) ; Ропиев, 28 (3:4) ; Усмонов, 28 (3:4) ; Ропиев, 30 (3:5) ; Кнауб, 36 (4:5) ; Елібаев (37).


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×