«Интер» қыста төрт ойыншымен қош айтыспақ

15.12.2020, 18:45
Куб ақша бөлмесе де Конте жаңа ойыншы сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.
«Интер» қыста төрт ойыншымен қош айтыспақ

"Интер" қысқы трансферлік терезе кезінде бірден бірнеше ойыншымен қоштасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Газеттің жазуынша, "Интер" клубы төрт ойыншыдан: жартылай қорғаушылар Маттиас Весино, Раджа Наингголан және Кристиан Эриксен, сондай-ақ шабуылшы Андреа Пинамонтиден құтылуға ниетті. 29 жастағы уругвайлық футболшы Весино тізедегі қиындықтарға байланысты алаңға шыға алмай жүр, 32 жастағы Наингголан мен 28 жастағы Эриксен бас бапкер Антонио Контенің жоспарына кірмейді, ал 21 жастағы шабуылшы, тәлімгердің айтуынша, тәжірибе жинауы керек.

Бұрын хабарланғандай, жартылай қорғаушы Иван Перишич те "Интерден" кете алады, бірақ клуб онымен тек қолайлы ұсыныс болған жағдайда ғана қош айтысады. 11 турда 24 ұпай жинаған "Интер" А сериясының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×