«Интер» Сандро Тоналимен келісімге келді

12.06.2020, 17:55
«Екінші Пирло» атанып кеткен жас талантқа тартыс жүріп жатыр.
«Интер» Сандро Тоналимен келісімге келді

"Брешиа" футбол клубының жартылай қорғаушысы Сандро Тонали көптеген алпауыт клубтардың назарында. Ол өткен жылдан бері ғаламат ойынымен көзге түсті. Тіпті ПСЖ клубы бұл таланты ойыншыға қызығып, қомақты қаржы ұсынды. Алайда, қосалқы құрамда отырғысы келмейтін Сандро келісімін бермеді. Италия құрамасына шақырту алған жартылай қорғаушы "Интердің" назарына ілікті. Енді "нерадзуррилер" Сандроға 5 жылдық келісім-шарт ұсынбақшы. Сонымен қатар әр маусымға 2,5 миллион еуро жалақы бермекші. Ал "Брешиа" болса трансфер құнын 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×