“Интер”-”Шальке”: Италияндар мен немістер арасындағы бейбіт айқас

01.04.2011, 17:36
  “Интер”-”Шальке”: Италияндар мен немістер арасындағы бейбіт айқас
Чемпиондар Лигасының ширек финалында қарсылас атанған «Интер» және «Шальке» футболшылары матч алдында біраз сөздігін тиегін ағытты. Италиялық команданының капитаны Хавьер Дзанетти La Repubblica газетіне берген сұхбатында «Біз «Шалькені» құрметтеуіміз керек. Олармен ойынның оңай болмайтыны сөзсіз,себебі ширек финалға кез-келген команда жете алмайды»- депті. «Шалькенің» шабуылшысы Джефферсон Фарфан «Интер» құрамындағы ең қауіпті ойыншы Уэсли Снейдер деп ойлайтынын жасырмады. Испандық «Реалмен» Чемпиондар Лигасын 3 мәрте ұтып, еурокубоктік ойындарда соғылған голдар бойынша басқалардан оқ бойы озып тұрған Рауль «Шалькенің» ойыншысы болса да, келесі айналымға «Интердің» шығатынына күмән келтірмейді екен. Ширек финалда жолдары қиысқан қос команда Еурокубок аясындағы өзара жауапты кездесулерін осыдан 14 жыл бұрын өткізіпті.1997 жылғы УЕФА Кубогінің финалында екі рет кездескен бұл жұптың жеңімпазы – «Шальке 04». Аталмыш финал – футбол тарихында УЕФА Кубогінің қос матчтан тұрған соңғы финалы болды. Германияның алты дүркін чемпионы атанған неміс клубының Еурокубоктардағы жалғыз жетістігі – осы 1997 жылғы УЕФА Кубогі. Қазіргі таңда құрамында Мануэль Нойер сияқты сенімді қақпашысы, Кириакос Пападопулос, Кристоф Метцельдер сияқты тәжірибелі қорғаушылары, Клас Ян Хунтелар,Рауль, Джефферсон Фарфан сияқты мерген шабуылшылары бар германиялық клубтың жартылай финалғы шығуға мүмкіндіктері бар. Оның үстіне «Шалькенің» жаңа бапкері Ральфом Рангниктің командаға қандай өзгеріс енгізетіні белгісіз. 2010 жылғы Еуропаның үздік клубы «Интер» осы уақытқа дейін Чемпиондар Лигасында үш рет жеңіске жеткен.1964 жылғы финалда испандық «Реалды» сан соқтырса, келесі жылы шешуші ойында португалдық «Бенфикадан» айласын асырған.2008 жылы италиялық команданы жаттықтыруға атақты Жозе Моуриньо тағайындалды.Сол маусымда «Интер» ЧЛ-ның 1/8 финалындада сүрінсе де, келесі жылы алдымен ағылшындық ақсүйектерді ұтып, келесі айналымда мәскеулік «ЦСКА-дан» басым түсіп, жартылай финалда Месси және компанияны айналып өтіп ,финалға бірақ жетті. Еуропаның ең басты футбол жарысының финалына италиялықтар 1972 жылдан бері бірінші рет шыққан болатын сол кезде. Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» алаңында өткен ЧЛ-ның 2010 жылғы финалында «Интер» немістердің «Бавариясын » 2-0 есебімен жеңіп, өз тарихында үшінші рет Чемпиондар Лигасының Кубогіне қол жеткізді.Сол финалда қос гол соққан Диего Милито да,былтыр ойнаған тасқамал қорғаушылар Деян Станкович та,Лусиу да, Майкон да, Дзанетти де, команданың жүрегі Снейдер мен «Интерді» ширек финалға алып шыққан Горан Пандев та қазіргі команда құрамында. Таң қаларлық болса да,басқа ¼ финалдарға қарағанда осы қос кездесу қызық болуы мүмкін. Біріншіден, ширек финалдың басқа жұптарындағыдай, бұл қос команданың да сапында атақтары жер жарған шебер ойыншылар жетіп артылады. Екіншіден, қарымта ойын неміс жерінде өтеді.Үшіншіден, «Интердің» ойын өрнегі тұрақсыз болса, «Шалькеге» жаңа бапкер келді, яғни немістерден не күтетініміз белгісіз.Олардың «Интерге» дайындап отырған сыйы басқа. аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.986
Ничья
3.785
П2
3.87
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.518
Ничья
4.79
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.22
Ничья
3.685
П2
2.252
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.436
Ничья
3.83
П2
2.823
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.17
Ничья
3.76
П2
1.922
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.074
Ничья
15.5
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×