“Тобыл” мен “Ақтөбе” ұпай жоғалтқан күн

01.04.2011, 17:33
“Тобыл” мен “Ақтөбе” ұпай жоғалтқан күн

Ел чемпионатының кезекті 4 тур ойындары өтті бүгін. Жұрт біткен Астана төріне көз тікті. “Локомотив” пен “Ақтөбе” ойынына. Биылғы маусымдағы алтынға басты үміткен қос мықты арасындағы ойында жұрттың біразы “Ақтөбенің” жеңісіне сенген. Бірақ еліміздегі демеушісі мықты “Локо” бұл жолы үш ұпайды қонақтарға ұстатқан жоқ. Бұл – бір. Екіншісі, қазіргі чемпион “Тобыл” өз алаңында күтпеген жерден “Шахтерге” жол берді. Бұл турдан кейін турнир кестесінің астаң кестеңі шығып, біраз “шаңы” бұрқырады. “Шахтер” көш бастап, “Ақтөбе” екінші сатыға сырғыды. “Локомотив” үшін Танаттың орны бөлек енді… Ұтымды шабуылдар мен дәл пас шығара білетін Танаттың ойынына сүйсіндік. Нөсербаев соққан сұлу гол астаналықтарға жеңіс сыйлады (суретте). Осы ойыннан кейін “Локомотив” биылғы маусымдағы алтынға бірден-бір үміткер екендігін жұрттың есіне салды. Холгер Фах “Локоны” енді алға сүйрер жаңа бағыт һәм жол таңдары айтпаса да түсінікті. Ал “Тобылдың” бүгінгі сүреңсіз ойынын түсінбедік. Өз алаңында “Шахтермен” тең ойнауға жарамаған “Тобылдың” басынан бақ тайғандай көрінді бізге. “Ордбасының” “Таразға” жеңілуі де біріншілікте әлі тайталастың жоқтығын көрсетеді. “Тараз” үшін бұл биылғы маусымдағы алғашқы жеңіс. Ал қызылордалық “Қайсардың” жағдайы мүшкіл. Атар күнді әрең көріп отырған клуб биылғы маусымды аяқтай алса… Себебі, қаржы жағынан бұл команданың қалтасы жұқа. Ақша, демеу болмаған жерде жеңістің де иісі шықпайтыны белгілі футболда. Ілініп, салынып жүрген “Қайсар” бұл жолы “Жетісуға” жеңілді. Ал өткен турларда жұртқа жылы ойындарымен ьанылған “Восток” бұл жолы “Ертістен” оңбай таяқ жеді. Ал “Қайрат” сырт алаңда “Атыраумен” ұпай бөліседі деп ешкім ойламаған-ды. «Жетісу» — «Қайсар» 3:0 (1:0) Голдар: Климавичус 17 (1:0), Бакаев 54 (2:0), Мұжықов 86 (3:0) «Ордабасы» — «Тараз» 0:1 (0:0) Гол: Кургулин 46 (0:1) «Тобыл» — «Шахтер» 1:2 (0:2) Голдар: Борантаев 43 (0:1), Борантаев 45 (0:2), Бекрич 87 (1:2) «Ертіс» — «Восток» 3:1 (0:1) Голдар: Мулиса 37 (0:1), Мальцев 53 (1:1), Сергиенко 55 (2:1), Чернышов 67 (3:1) «Атырау» — «Қайрат» 2:2 Голдар: Струков 34 (0:1), Шафф пенальти 37 (1:1), Чуреев 59 (2:1), Головской 73 (2:2) «Локомотив» — «Ақтөбе» 1:0 (1:0) Гол: Нөсербаев 21 (1:0)

ПРЕМЬЕР-ЛИГА № Команда О Ұ 1 «Шахтер» 4 9 2 «Ақтөбе» 4 9 3 «Жетісу» 4 9 4 «Локомотив» 4 9 5 «Ертіс» 4 6 6 «Атырау» 4 5 7 «Восток» 4 5 8 «Қайрат» 4 5 9 «Тобол» 4 3 10 «Тараз» 4 3 11 «Ордабасы» 4 3 12 «Қайсар» 4 2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×