Әзірге тең нәтиже тіркелмеді

31.03.2011, 22:57
Әзірге тең нәтиже тіркелмеді
4-турдың 2 кездесуі аяқталды. Сағат 4-те басталған қос кездесуде тең нәтиже тіркелмеді. Өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдаған талдықорғандықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Арнаус Климавичюс, Ұлықбек Бақаев пен Серікжан Мұжықовтардың голдарының арқасында ірі есеппен жеңіске жеткен Асқар Қожабергенов командасы өзінің әлеуеттілігінің қай деңгейде екендігін дәлелдеп берді. Дербиге баланған бұл кездесудің жеңімпазы «Тараз» қоанқтап келген клуб биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Голдың авторы Нұртас Кургулин.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×