“Интердің” екі аяғын бір етікке тыққан “Тоттенхэм”, “Миланды” да тізерлетті

16.02.2011, 21:26
“Интердің” екі аяғын бір етікке тыққан “Тоттенхэм”, “Миланды” да тізерлетті
Жарты жыл бұрын Сан Сирода ”Интердің” жанын шығарған “Тоттенхэм” бұл жолы “Миланға” қонаққа барды.  Кездесу өте тартысты басталып, командалар 77-ші минутқа дейін есеп ашалмасты. Тек матчтың 78 минутында Питер Крауч дегеніне жетті. Шабуылшы өзіне артылған міндетті атқарып, мергендігімен танылды. Есеп 0:1 . Қазақстандық жанкүйерлер “Миланның” сапында Александр Меркелді шығады деп күткен. Бірақ неміс әрі Қазақстан азаматы қосалқы құрамда қалып қойды. Енді Хари Реднапп шәкірттері қарсыласын өз алаңдарында қабылдайды. Екінші кездесуде “Валенсия” “Шалькемен” тең тарқасты. Есеп 1:1. Голдар Сольдадо – Рауль! Рауль Гонсалес ЧЛ өзінің 71 добын соқты. Тарихтағы ең үздік бомбардир.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×