Футболшы мен Бапкер екі бөлек мамандық

17.02.2011, 16:28
Футболшы мен Бапкер екі бөлек мамандық

Кеше түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы кездесулерінің бірінде Лондон қаласында тамаша кездесу өтті. Соңғы жылдардың көлемінде жақсы нәтиже көрсетіп, әлемнің үздік командасы атанып жүрген "Барселона" "Арсеналдан" ұтылды.

"Эмирэйтс" стадионына жиналған қауым алғашқы минуттарда өз командаларының дәл осылай керемет жеңіске жететінін алдын-ала сезсе, екінші таймдағыдай ән шырқауын бірден бастар еді-ау! Кононирлер таза ағылшын дәстүріндегі тамаша ойын өрнегін көрсетті. Арсен Венгер футболды тастап, бапкерлікке кеше ғана келген Гвардиоладан айласын асырды. Ол карсы ештеңе де ойлап тауып, асыра сілтеп, қулыққа барған да жоқ. Венгер тек өз командасына өз ойындарын тауып беруге жол ашты. Аршавинді екінші таймда бірақ шығарып, сонысымен ұтты да. Венгердің біліктілігі Гвардиоланың жастығынан ачып түсті. "Барсаның" кешегі ойынында ой, логика аздау еді. Қойылып қойған тарс-тарс, кішкентай пастарымен адамды жалықтырды. Жағдайдың кері кеткенін түсінген лондондықтар бірден алыс пастарға жүк артты. Соның арқасында екі гол соғып, жеңіс емес, ең бастысы өздеріне сенімділік қалады. "Футбол.кз" сайтының ойынша бұл кездесудегі үздік ойынша Самир Насри.

АРСЕНАЛ - БАРСЕЛОНА - 2:1 (0:1). Голы: Вилья, 26 (0:1). Ван Перси, 78 (1:1). Аршавин, 83 (2:1)

Римдегі кездесуде көпшілік манан "Шахтердің" басымшылығы жайында айтты. Ол әңгіменің де заңды тірегі бар. Соңғы кездері Италия футболы, оның ішінде әсіресе "Рома" құлдырып кеткен заман. "ДонбасАрена" стадионын салдыртқан басшылардың ендігі тілегі осы жеңісті жолдың өз жерлерінде қайталануы. РОМА - ШАХТЕР - 2:3 (1:3) Перротта, 28 (1:0). Жадсон, 29 (1:1). Дуглас Коста, 36 (1:2). Адриано, 41 (1:3). Менес, 61 (2:3).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×