Уганда капитаны – “Ордабасыда”

17.02.2011, 20:07
Уганда капитаны – “Ордабасыда”
Қара құрлықтағы Уганда деген шағын елді естуіңіз бар ма? Міне, осы елдің ұлттық құрамасында ойнайтын футболшы енді Қазақстан біріншілігінде доп тебеді. 32 миллион халқы бар Уганда елінің футбол деңгейі бізден жоғары. ФИФА рейтингінде – 86 орында. Уганда ұлттық құрамасының капитаны Эндрю Мвесигва шымкенттік “Ордабасы” командасымен келісім шарт жасасты. 26 жасар жартылай қорғаушы алдағы күндері шымкенттік команда сапында жаттығуға кіріспек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×