Йозеф Блаттер ФИФА президенттігінен бас тартты

03.06.2015, 20:28
Йозеф Блаттер ФИФА президенттігінен бас тартты
Астана. 2 маусым. Baq.kz – ФИФА (Халықаралық футбол федерациясы) президенті Йозеф Блаттер өз лауазымынан бас тартты. Ол осыдан төрт-ақ күн бұрын аталған қызметке сайланған болатын. Бұл туралы мәлімдемені Блаттер шұғыл өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
"Мен ФИФА-ны өмірімнің соңына дейін бағалап өтемін және оның өркендеуі үшін қолымнан келгенін аямаймын. Мен сайлауға қатысуды жөн санадым, сайландым. Сайлау аяқталды, бірақ проблемалар шешілген жоқ. Федерацияға жаңалықтар керек, құрылымын өзгерту керек. Делегаттар мені таңдағанымен өзге делегаттар қарсылық танытты, демек, мен бұл орынға лайықты емеспін" деді Блаттер. Ол ФИФА-ның атқару комитетінен өз орнына ізбасар табуын сұрап, жаңа президент келгенше уақытша оның міндетін атқаруға келісімін берді. Енді Халықаралық футбол федерациясының жаңа президентін сайлау 2015 жылдың желтоқсан мен 2016 жылдың наурыз айлары аралығында өткізіледі. Естеріңізге салсақ, Йозеф Блаттер 29 мамыр күні ФИФА президенті болып қайта сайланған болатын. Бұл қызметті ол 1998 жылдан бері атқарып келеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×