Іріктеу ойындары кестесі Франкфуртте анықталады

03.08.2011, 14:59
Іріктеу ойындары кестесі Франкфуртте анықталады
2014 жылғы Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу сындарының жеребесі өте салысымен Германия футбол федерациясы Еуропалық іріктеу турнирінің «С» тобындағы Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары және Қазақстан құрамаларымен Франкфуртте өткізетін кездесулерінің  нақты уақыт белгілеуді ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, Франкфуртте Бундестимге қарсы кездесулер кештеу өтетін екен. Алайда Австрия  футбол федерациясы «С» тобындағы кездесулер  кестесі осы жылдың қыркүйек айының соңы мен қазан айының басы аралығында өтуі керек ,- деп өз пікірлерін де айтып үлгеріпті. Мирон Гойхман «Sports.kz»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×