Владимир Газзаев: Ақтөбеден тек жеңіспен ораламыз

03.08.2011, 15:47
Владимир Газзаев: Ақтөбеден тек жеңіспен ораламыз
Футбол әлеміндегі шиеленістердің бірі Ақтөбе мен Алания арасында өтетін кездесу таяп қалды. Кездесу алдында бұл топтардың бас бапкері мен капитандарының айтқан пікірлерін жазуды жөн көрдік. Владикавказдық Алания клубының бас бапкері Владимир Газзаев  Еуропа лигасының 3-ші іріктеу сынының алғашқы кездесуінде Ақтөбемен өз алаңында 1-1 тең түсуі ештеңе өзгерте алмайды және кездесу 0-0 аяқталғандай еш алаңдамай ойнаймыз дейді. - Біз қарсыласымыздың қыр-сырын анықтай келе , Ақтөбенің әр ойында ала допты өз бақылауында ұстай алатынын  анықтадық . Алайда Ақтөбе бізге ешқандай тосын-сый көрсете алған жоқ. Қарсыласымыз жайында арнайы мамандар кеңесіне де сүйендім. Қалай айтсам екен , кеңестеріне рахмет, алайда бұл ақпаратқа біз қанықпыз. Владикавказдағы ойында Ақтөбе тек бір бағытта үстемдік танытты.  Ол-тәжірибе және олар өз рөлдерін ойнады. Алайда еурокубоктардан алған тәжірибе нәтижесіз емес , пайдасы шаш етектен. Біздің команда да іріктеу сындары басталғалы бері біраз тәжірибе жинақтады және осы тәжірибе бізге қарымта кездесуде сабырлылық пен сенімділік ұялататынына мен сенімдімін. Еурокубоктың келесі сынында да ойын көрсете аламыз  және Ақтөбеден тек жеңіспен ораламыз деген ойдамын. Егер ол пікірде болмасақ , қазақ жеріне бармас едік. Құрамда өзгерістер  болады , оны тек кездесу басталғанда біле аласыздар , - деп Владимир Газзаев өз рікірін білдіріпті. (sport-express.ru) Алания клубының жартылай қорғаушысы Арсен Хубулов: Біз Ақтөбемен өткізген  ойынға түпкілікті дайындалдық , алайда бас бапкердің кейбір айтқандарын іске  асыра алмадық. Дегенмен жанкүйерлер қолдауы бізге едәуір көмек болды. Қазақстандағы кездесу оңайырақ болады деп ойлаймын. Біз ол ойын барысында шабуылдаушы стильде ойнаймыз. Қазақ жерінен тек жеңіспен ораламыз. (fc-alania.ru) «Актобе» клубының бас бапкері Владимир Муханов : Ақтөбе Аланиямен өткізген ойында екі түрлі тайм болды. Бірінші таймда біз ала допты жақсы жүгендей білдік , қорғаныста да , шабуылда да жақсы өнер көрсеттік . Алайда екінші таймда ойын мүлде өзгерді. Тек Сидельниковтың алаңнан қуылғанынан кейін біздің команда есін жиды.  Алайда бұнымен біз ештеңе өзгерткен жоқпыз. Келесі сынға өту мүмкіндігіміз әлі де 50 де 50 боп қала береді . (fc-aktobe.kz) «Актобе» клубының капитаны Самат Смақов : Аланиядағы ойынға келер болсақ, бірінші тайм біздің жұлдызымыз жанды , тіпті екінші допты Алания қақпасына салатын мүмкіндігіміз болды. Ал , екінші тайм біз үшін , әдеттегідей , сәтсіз болды. Алания - әлі жас клуб. Тәжірибелі ойыншылары да санаулы. Сондықтан осы алған бетімізден таймағанымыз абзал. Бізге міндетті түрде келесі сынға өту керек. Алайда ойын тағдыры тек ертеңгі ойында шешіледі. (http://sports.kz)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×