Исламбек Қуат «Астананың» бас бапкерімен татуласудан бас тартты

29.08.2022, 23:28
Футболшы әрі қарай да қосалқы командада ойнай бермек.
Исламбек Қуат «Астананың» бас бапкерімен татуласудан бас тартты

«Астана» футболшысы Исламбек Қуатта елордалық клубтың бас бапкері Срджан Благоевичпен татуласатын мүмкіндік пайда болған, бірақ қазақстандық жартылай қорғаушы бұдан бас тартты, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм-арнасы.

«Елордалық клубтағы дереккөзім Исламбек Қуатты негізгі құрамға қайтарудың нақты мүмкіндігі бар екенін айтты. Ол үшін елордалық клубтың директоры Тастанбек Есентаев қазақстандық жартылай қорғаушыдан «Астананың» бас бапкері Срджан Благоевичтен кешірім сұрауын өтінген. Бірақ Қуат бұл ұсыныстан бас тартты. Енді Исламбек бұрынғыша қосалқы командада ойнай бермек», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Қуатты Срджан Благоевич Жереми Манзорромен болған кикілжіңге байланысты негізгі командадан аластатқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×