Исламбек Қуат мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

30.08.2020, 23:27
«Химки» РПЛ-де соңғы орында келе жатыр.
Исламбек Қуат мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат ресейлік «Химкиге» еркін агент ретінде ауысады, деп хабарлайды «РБ Спорт».

Ақпарат көзінің хабарлауынша, трансфер ұлттық құрамалардың матчтарына арналған үзіліс кезінде жасалады. Сондай-ақ, Мәскеу облысының клубы Беларусь құрамасы мен Бресттің «Динамосында» ойнайтын қорғаушы Александр Павловецті қатарына қосуды жоспарлап отыр.

Ресей чемпионатында алты турдан кейін «Химки» үш ұпаймен 16 клубтың ішінде 15-орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Қуат осы жылдың қаңтар мен шілде айларынының аралығында «Оренбургте» ойнады. Қазақстандық РПЛ аясында үш матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×