Бас бапкері жоқ «Астана» ұпай жоғалтты

31.08.2020, 00:52
Бас бапкері жоқ «Астана» ұпай жоғалтты

"Астана" футбол клубы Премьер-лиганың 7-турында "Тараз" командасымен тең ойнап қалды.

Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 1-1 есебімен аяқталды.

Матч бастала салысымен "Астана" жылдам гол соғып кетті. Гол авторы - Тигран Барсегян. Ал 48-минутта Тони Сильва Постниковтың қателігін сәтті пайдаланып, есепті теңестірді.

"Астана" осы ойыннан кейін 11 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Ал маңызды бір ұпайды алған "Тараз" сегізінші орында қала бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×