«Қызыл-Жар СК» үш ұпайға ие болды

31.08.2020, 03:58
«Қызыл-Жар СК» үш ұпайға ие болды

Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турының ақтық кездесуінде Ақтаудың «Каспийін» жеңді.

Кездесу Алматыдағы «Жас-Қыран» стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталып, алтыншы минуттағы жалғыз голды украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченко соқты.

«Қызыл-Жар СК» үшін бұл нәтиже маусымдағы екінші жеңіс болды, ал «Каспий» алтыншы жеңіліске ұшырады. Алты матчтан кейін жеті ұпаймен петропавлдықтар сегізінші орында, голдар айырмашылығына байланысты "Жетісу" командасына жол берді, ал жеті ойында үш ұпай жинаған "Каспий" соңғы, 11-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×