«Арсенал Туланың» бұрынғы бас бапкері Игорь Черевченко «Химкидің» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлады Мәскеулік клубтың баспасөз қызметі.
Черевченко «Арсенал» клубында 2018 жылдан 2020 жылға дейін жұмыс істеді. Бұған дейін, Черевченко Мәскеулік клубпен келісімшарт жасасады деп хабарлаған болатын. "Химкидің" бұрынғы жаттықтырушысы Дмитрий Гунько 21 қыркүйекте қызметінен босатылды. Ресей Премьер-лигасының 8-туры матчында "Химки" "Краснодардан" 2:7 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, сегіз турда 3 ұпай жинаған "Химки" турнирлік кестеде 15-ші орында тұр.
28 қыркүйекте "Химки" Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталатын Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турында Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Исламбек Қуат қыркүйек айының басында "Химки" клубымен келісімшартқа отырған болатын. Футболшы команда сапында екі ойын өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET