Цхададзе: «Өз мүмкіндіктерін алысқа доп асыру мен стандарттан іздейтін командаға қарсы ойнау қиын»

25.09.2020, 22:08
Қанша қиын болса да Жоао Пауло қақпаның кілтін таба алды.
Цхададзе: «Өз мүмкіндіктерін алысқа доп асыру мен стандарттан іздейтін командаға қарсы ойнау қиын»

Шымкенттік "Ордабасы" клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе Премьер-лиганың 10-тур аясында "Қызыл-Жармен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

- Өз мүмкіндіктерін стандарттар мен алысқа доп тебуден іздеп, қарсыласқа футбол ойнауға кедергі келтіріп, бар күштерін осыған жұмсайтын командамен ойнау қиын. Ал бізге өзіміз жасаған мүмкіндіктерде гол соғу керек еді, сонда ойын оңай өтетін еді. Біз өзіміз өмірімізді қиындаттық.

Менің ойымша, біз жақсы ауысымдар жасадық, бір жүйеден екінші жүйеге жақсы көштік. Ауысып шыққан футболшыларға алғыс айтамын, солардың қатарында Махлангу, Жаңғылышбай, Астанов, олар ойынға керемет еніп, жеңуге көмектесті. Мен үнемі айтамын, футбол командалық ойын, ал нәтиже басты құрамаға шыққан 11 ойыншыға тәуелді емес.

Алаңға жаңадан кірген ойыншылар да күш салып жеңуге көмек беру керек. Осындай жағдай бүгінде, және «Жетісу», «Каспиймен» өткен матчтарда да болған, біз жүйені өзгерттік, бұл нәтиже алып келді. Футболшылардың бастапқы құрамада шыққаны әлде ойын барысында кіргені маңызды емес, ең бастысы жұмыла жұмыс жасап командаға пайдасы тисе болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×