Месси Суареске: «Сен осылайша клубтан қуылып кетуге лайық емес едің»

25.09.2020, 21:37
Күте беріңіздер. Месси келесі жылы клубтан кетеді.
Месси Суареске: «Сен осылайша клубтан қуылып кетуге лайық емес едің»

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси өзінің досы және «Атлетико» сапына қосылған бұрынғы командаласы Луис Суареске үндеу жариялады.

«Мен сенің кеткеніңді енді ғана қабылдай бастаған едім, бірақ бүгін мен киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, шын мәнінде не болғанын толық түсіндім. Алаңда да, алаңның сыртында да күн сайын сенсіз уақыт өткізу қиын болады. Біз сені қатты сағынатын боламыз. Осыншама жылдар бойы көп жерде бірге болдық, түскі ас пен кешкі асты да бірге іштік... Ешқашан ұмытылмайтын көптеген нәрселер бар.

Сені басқа клубтың жейдесінде көру, тіпті саған қарсы ойнау оғаш көрінеді. Сен өзіңнің жетістіктерің үшін лайықты қоштасуға лайықсың: "Барселона" тарихындағы ең маңызды ойыншылардың бірісің, кубоктар мен жеке марапаттарың тағы бар. Ал сен осылайша клубтан қуылып кетуге лайық емес едің. Бірақ енді мені ештеңе таң қалдырмайды. Саған жаңа клубыңда сәттілік тілеймін! Мен сені өте қатты жақсы көремін. Жақында көрісеміз, досым», - деп жазды Месси Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×