Исламхан Араб Әмірлігіне кетті

28.07.2020, 16:59
Жаңа келісімшарты ұзақ мерзімді болмақ.
Исламхан Араб Әмірлігіне кетті

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірлігіне кетті. Ол жақын арада "Аль-Айн" клубымен келісімшарт жасауы керек.

Исламхан команда орналасқан Аль-Айн қаласына келген. Қазақстандық футболшының командамамен жасайтын жаңа келісімшарты ұзақ мерзімді болады. Жартылай қорғаушыны команда қатарында қалуды ұжым бапкері Педро Эмануэльдің өзі қалаған екен. 

"Аль-Айн" командасы шілденің ортасында жаттығу жұмыстарын бастап кеткен. Жазда команда португалиялық жартылай қорғаушы Вилсон Эудардумен келісімшарт жасаған. Сондай-ақ өткен маусымда клубтың үздік бомбардирі атанған Коджо Лаба да қалған. Бірақ танымал жартылай қорғаушы Балаж Джуджак командадан кеткен. 

Еске салайық, өткен маусымда Исламхан "Аль-Айн" командасында он кездесуге қатысып, бір гол соқты. БАӘ біріншілігі пандемияға байланысты мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Чемпион анықталған жоқ. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×