Исламхан Буффоннан мықты ма?

09.08.2020, 21:12
Тіпті аты аңызға айналған Буффонның табысы Исламханның жалақысымен шамалас екен.
Исламхан Буффоннан мықты ма?

Өткен аптада Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан БАӘ-нің «Аль-Айн» клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Оның жалақысы жылына 1,5 миллион долларды құрады. Біз бүгін түрлі дереккөздерді қолдана отырып, Исламханның жалақысы еуропалық футболдағы қай ойыншылардың жалақысымен шамалас екенін айтатын боламыз.

Сонымен, кейбір мәліметтерге сәйкес, Испания Ла Лигасы мен Германия Бундеслигасы клубтарының бірнеше танымал футболшыларының өзі жылына 1,5 миллион доллар табады екен.

Джонатан де Гузман ("Айнтрахт") - жылына 1 миллион доллардан аз


Де Гузман - Нидерланды құрамасының бұрынғы ойыншысы, сонымен бірге Канаданың азаматтығы бар, қазір Германияның «Айнтрахт» клубында ойнайды. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының жалақысы 1 миллион доллардан аз, және бұл фактор оны МЛС-тегі Канадалық клубтар үшін тиімді келісімшартқа жақындатуы мүмкін.

Бразилияда өткен 2014 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған 32 жастағы Гузман "Фейеноорд," "Мальорка" мен "Вильярреалда", "Суонси", "Наполи" мен "Кьевода" ойнаған.

Оның мансабында бір қызықты факт бар: «Кьевода» шабуылдаушы жартылай қорғаушы 1-ші нөмірмен ойнаған.

Антонио Барраган ("Бетис") - жылына 1,4 миллион доллар


Eurofootballrumours.com және Sporttidings.com сайты Антонио Барраган «Бетис» клубында жылына 1,4 миллион доллар табады деп хабарлайды. 33 жастағы футболшы Испанияның U19 құрамында Еуропа чемпионы атанған.

Оның клубтық мансабында Испаниялық командалар басым болды. "Бетистен" басқа, ол "Депортиво", "Вальядолид" және "Валенсия" клубтарында доп тепкен. Сонымен қатар, Барраган 2005 жылы 18 жасында «Ливерпульмен» келісімге отырып, тіпті базада дебют жасаған екен, және 2016 жылдан 2017 жылға дейін АПЛ-де «Мидлсбро» үшін ойнап берді.

Александр Зинченко ("Манчестер Сити") - жылына 1,35 миллион доллар


Украиналық қорғаушы «Уфадан» «Манчестер Ситиге» ауысып барған еді. Sportaс-тың хабарлауынша, ол жыл сайын шамамен 1,04 миллион фунт стерлинг (1,35 миллион доллар) жалақы алады екен.

Джанлуиджи Буффон ("Ювентус") - жылына 1,7 миллион доллар


Әйгілі қақпашы "ПСЖ-дан" "Ювентусқа" қайта оралғаннан кейін, биыл 42 жасында, қосалқы қақпашы ретінде командамен чемпиондықты жеңіп алды. Осылайша, Буффон А сериясында 9 рет топ жарған алғашқы 10 ойыншысының қатарына кірді.

Италия құрамасымен 2006 жылғы әлем чемпионы атанған қақпашы «Ювентуспен» келісімшартты 2021 жылдың ортасына дейін ұзартты. Оның жылдық жалақысы небәрі 1,7 миллион доллар екен.

Кевин Принс Боатенг ("Фиорентина") - жылына 1,5 миллион доллар


Гана ұлттық құрамасының экс-ойыншысы "Фиорентинамен" жылдық жалақысы 1,5 миллион долларды құрайтын келісімшартқа отырды. 2020 жылдың басынан бері 33 жастағы Боатенг Түркиялық «Бешикташ» клубында жалда ойнады.

Шабуылшы мансабында «Герта», «Боруссия», «Шальке» және «Айтрахт», Англияда «Тоттенхэм» және «Портсмут», Италияда «Дженоа», «Милан» және «Сасуолло», Испанияда «Лас Пальмас» және "Барселона" клубтарында өнер көрсеткен.

Джованни Ди Лоренцо ("Наполи") - жылына 1,5 миллион доллар


26 жастағы қорғаушы 2019 жылдың жазынан бастап «Наполи» сапында ойнап жатыр. Ол клубқа Италия Кубогын жеңуге көмектесті. Өткен маусымда Ди Лоренцо А сериясында 33 ойын өткізіп, үш гол соқты - бұл команда қорғаушылары арасындағы ең жақсы нәтижелердің бірі. Италиялық командадағы ойыншының жалақысы шамамен 1,5 миллион долларды құрайды.

Марио Пашалич ("Аталанта") - жылына 1,5 миллион доллар


2018 жылдан бастап 25 жасар Хорватиялық ойыншы "Аталанта" сапында өнер көрсетіп жүр. Өткен маусымда Пашали А сериясында 35 матч өткізіп, тоғыз гол соқты. Хорватиялық футболшының жылдық жалақысы 1,5 миллион долларды құрайды.

Джампаоло Паццини ("Верона") - 1,5 миллион доллар


Италияның бұрынғы шабуылшысы, қазір "Веронаның" намысын қорғайтын 36 жастағы Джампаоло Паццини бұған дейін "Аталанта", "Фиорентина", "Сампдория", "Интер" және "Миланда" ойнаған. Италиядан тыс ол 2018 жылы Испанияда "Левантенің" құрамында ойнады.

Клубтық мансабында ол барлық турнирлерде 500-ден астам матч өткізіп, 200-ге жуық гол соққан. Италия құрамасында Паццини 25 кездесу өткізіп, төрт рет гол соқты. Қазір оның жылдық табысы 1,5 миллион долларды құрайды.

Петр Зелински ("Наполи") - жылына 1,3 миллион доллар


Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Наполи» сапында таптырмас ойыншы болды. Зелински А сериясында 37 матч өткізіп, екі гол соқты

Жалпы, 26 жастағы Зелински «Наполи» үшін 191 матч өткізіп, 22 гол соққан. Польша құрамасы үшін ол елуден астам кездесу өткізіп, 6 рет көзге түскен.


"Аль-Айнмен" жаңа келісімшарт жасамас бұрын Исламхан БАӘ-де жеті күн карантинде болды. Ол екі рет коронавирус сынағынан, одан бөлек толық физикалық тексеруден өтті.

Исламхан қазір өзінің серіктестерімен бірге оқу-жаттығу жиынында жүр. Айта кетейік, БАӘ чемпионаты 3 қыркүйекте басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×