Исламхан Италия чемпионатының ойыншысын басып озды

22.07.2020, 23:33
Исламханды алу үшін «Сампдория» ойыншысынан бас тартқан.
Исламхан Италия чемпионатының ойыншысын басып озды

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханмен келісімшарт жасасқан «Аль-Айн» футбол клубы бұған дейін бұл позицияға тағы бірнеше үміткерді қарастырған еді.

Атап айтқанда, БАӘ клубы оңтүстік американдық екі футболшыға қызығушылық танытты. "Аль-Айн" басшылығы бас бапкер Педро Эмануэлмен «Сампдориядан» уругвайлық Гастон Рамирес пен «Тальерес» клубынан аргентиналық Николас Хименесті алу туралы талқылаған. Алайда, португалдық маман Исламханды алуды талап етті, оның пікірінше, ол ойынға толықтай еніп, үмітін ақтады.

Еске салсақ, маусымның көктемгі бөлігінде Қазақстан құрамасының капитаны "Аль Айн" үшін он матч өткізіп, бір гол соқты. Жазда 27 жастағы жартылай қорғаушы Ресей чемпионатының ұсыныстарын қарауға дайын болды, бірақ соңында "Аль-Айнды" таңдады, клуб Исламханға бірнеше жылға келісімшарт ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×