Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Аль-Айн" клубында үш бірдей ойыншысының допинг сынамасының оң болуы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханға дисквалификациядан құтылуға көмектеседі.
Кеше "Аль-Айн" клубында тағы үш футболшының стероидтарды пайдаланғаны белгілі болды. Салим Абдулла, Мохсен Абдулла және Мохамед Абдурахманның допинг сынамалары оң нәтиже берді. Бұл жағдай олардың командаласы - Бауыржан Исламханның позициясына жағымды әсер етуі мүмкін.
Шындығында, қазақстандықтың футболдан шеттетілуі клуб дәрігері мен диетологтың қателігіне негізделген. Команданың тағы үш ойыншысынан допинг белгілерінің табылуы Бауыржанның адвокаттарының дәлелдерін растай алады.
Азия футбол конфедерациясы Исламханды 2 жылға футболдан шеттеткен болатын. Қазақстандық ойыншының адвокаттары апелляциялық шағым түсірмекші. "Аль-Айн" клубындағы тағы бір допинг дауы бұл жағдайға оң әсер етуі мүмкін. Өйткені, төрт бірдей ойыншының допинг-сынамасының оң нәтиже беруі "Аль-Айн" клубындағы медициналық штабтың қателігінен болуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET