Испан футболшылары «смокинг» киеміз деп, күлкіге қалды (ФОТО)

06.08.2014, 04:00
Испан футболшылары «смокинг» киеміз деп, күлкіге қалды (ФОТО)
Көптің бірі болып, көзге түсе қоймайтын кейбір футбол клубтары елден ерекше көріну үшін нешетүрлі қадамдарға барады. Соның бірі - Испандық футбол дивизионында үшінші болып, Segunda B-да өнер көрсететін «Культураль и Депортива Леонеса» клубы. Жұртты елең еткізбек болған клуб жақында жанкүйерлерінің наразылығына қалды, деп жазады шетелдік БАҚ. Ақпарат көзінің жазуынша, олар шеберліктерімен емес, жаңа спорттық киіммен көзге түскісі келген болса керек. алайда, футболшылардың сәнді костюм үлгісінде тігілген футболкамен алаңға шыққанын жұрт жақтырмаған. 1 Жаңа дизайн туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі пікір жазылып, көп талқыланған. Клуб жанкүйерлеріне олардың мұндай маркетингтік қадамы ұнамаған сыңайлы. Көпшілігі мұны әзілге айналдырып, мазақ қылды, www.kazinform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×