«Шахтер» клубы қарымта ойын өткізу үшін Хорватияны бетке алды

06.08.2014, 01:44
«Шахтер» клубы қарымта ойын өткізу үшін Хорватияны бетке алды
Қарағандылық «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының 3-іріктеу кезеңін 7 тамызда Хорватияның Сплит қаласында өткізеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі клубтың баспасөз хатшысына сілтеме жасап. Қазақстандық клуб бұл кездесуде жергілікті «Хайдук» футболшыларымен ойнайды. Бүгін қарағандылықтар Сплит қаласына ұшып шықты. Естеріңізде болса, «Шахтер» ойыншылары Қарағандыда өткен алғашқы ойында «Хайдук» клубын 4:2 есебімен ұтқан болатын. BNews.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×