Испан Прeмьерасы

24.02.2014, 16:13
Испан Прeмьерасы
Католондықтар Ангиядан келген соң, примьераның 28-ші турында қонаққа Сан-Себастьянға барды. Жақында ғана "блауграна" Испан кубогінің ширек финалында екі кездесу қорытындысы бойынша, осы "Реал Сосьедадты" жарыс жолынан шығарған болатын.  Енді "Реал Сосьедад" кеткен есені қайтаруға тырысары анық. Оған мүмкіндік те бар. Католындықтар  жартылай қосалқы құраммен алаңға шықты. Қорғаныста Маскерано орнына Марк Бартра, Алвес орнына Мартин Монтойя. Жартылай қорғаныста бірден екі тіреуші жартылай қорғаушы Сонг пен Бускетс.  Хави мен Фабрегас, команданың үздік сұрмергені Алексис Санчес бірінші минуттардан шықпады. Мартиноның логикасын түсіну қиын. Әрине, негізгі құрам сейсенбі күні "Манчестер Ситиге" қарсы ойнады. Бірақ, қатысып жатқан бүкіл турнирде жеңіске жеткісі келсе, негізгі құрам аптасына екі рет жасыл алаңда ойын өрнегін көрсетуге дайын болуы керек. Оған қоса қарсылас "Альмерия", "Вальядолид" сияқты аутсайдер команда емес, осы жылы Чемпиондар Лигасында ойын өрнегін көрсеткен, қазір де сол жолдамаға таласып жатқан ұжым. Оңайшылықпен берілмейтін, қайсар ұжым.  Оған қоса, әр сүрінгенін кешірмейтін қос мадридтік ұжымдар бар. Міне, қарсыласты бағалай білмегені үшін "Барселона" сазайын тартты. Барса қарсылас бағалай білмеуін қоймаса ірі жеңістерге жақын арада жетпейді. Бұл Гвардиоланың кезі емес. Ол кезде, қосалқы құрам шыққан күннің өзінде мотивация жоғары деңгейде болатын. Енді осы жеңілістен Мартино бір нәтиже шығармаса, осы жылғы "Барселона",  былтырғы "Барселонаның" көшірмесі болмақ. Тіпті, Испанияның чемпионы атағынан да айырылуы ғажайып емес!

22 ақпан. Сан Себастьян. Стадион "Аноэта". Төреші - Фернандес Борбалан (Альмерия).

РЕАЛ СОСЬЕДАД - БАРСЕЛОНА - 3:1 (1:1)
 Сонг, 32 - в свои ворота (1:0). Месси, 36 (1:1). Гризманн, 54 (2:1). Сурутуса, 59 (3:1).
Реал Сосьедад Барселона
 Клаудио Браво  Виктор Вальдес
 Хосе Анхель  Адриано
 Иньиго Мартинес  Херард Пике
 Микель Гонсалес  Марк Бартра
 Хосеба Сальдуа  Мартин Монтойя, 73
 Давид Сурутуса  Андрес Иньеста
 Горка Элустондо, 90+2  Серхио Бускетс
 Маркел Бергара  Александр Сонг, 61
 Антуан Гризманн, 74  Неймар
 Серхио Каналес, 84  Педро
 Карлос Вела  Лионель Месси
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Хаби Прието, 74  Сеск Фабрегас, 61
 Ион Ансотеги, 84  Алексис Санчес, 73
 Рубен Пардо, 90+2  

Ескертулер:

 Хосе Анхель, 23  Серхио Бускетс, 22
 Серхио Каналес, 69  Марк Бартра, 39
   Херард Пике, 52

 

Корольдік клуб еш қиындықсыз-ақ кезекті ірі жеңісіне қол жеткізді. "Реал Мадридтің" 2014-ші жылдағы қарқыны өте мықты. "Атлетик Бильбаoмен" болған, Роналду алаңнан қуылған ойында ұпайжоғалтқаны болмаса, қалған ойындардың бәрі түгелдей жеңіс. Есепті бірінші таймның 34-ші минутында Иллиьярраменди ашты. Екінші таймда Бэйлдың алыстан бағытталған соққысынан кейін, есеп еселенсе, ойын барысында алаңға шыққан Иско голынан кейін ойын тағдыры толықтай шешілді. Анчелотти шәкірттері, "Шалькемен" болатын ойынға көтеріңкі көңіл күймен дайындалмақ.

22 ақпан. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Төреші- Прието Иглесиас (Памплона).

РЕАЛ МАДРИД - ЭЛЬЧЕ - 3:0 (1:0)
 Илльярраменди, 34 (1:0). Бэйл, 71 (2:0). Иско, 81 (3:0).
Реал Мадрид Эльче
 Диего Лопес  Ману Эррера
 Альваро Арбелоа  Эдуардо Альбакар
 Рафаэль Варан  Давид Ломбан
 Пепе  Альберто Ботиа
 Даниэль Карвахаль  Доминго Сисма
 Анхель Ди Мария  Хави Маркес
 Хаби Алонсо, 83  Рубен Перес
 Асиер Илльярраменди  Альберто Ривера, 73
 Хесе, 76  Ману, 74
 Гарет Бэйл  Коро
 Карим Бензема, 82  Карлес Гил, 79
ОЙын барысында алаңға шыққандар:
 Иско, 76  Аарон Ньигес, 73
 Альваро Мората, 82  Фидель, 74
 Каземиро, 83  Кристиан Эррера, 79

Ескертулер:

 Пепе, 51  Альберто Ривера, 40
   Альберто Ботиа, 63
   Хави Маркес, 70

 

"Барселона" ізінен "Атлетико" да сүрінді. Диего Симоне шәкірттерінің бар күшін, Италиядағы "Миланға" қарсы ойын алған болуы керек. Иә,  екі майданда бір деңгейде шайқасу Диего Симоне шәкірттеріне физикалық тұрғыдан ауыр тиіуде. Бұл кездесуде команда азусыз, шаршаңқы көрінді. Онымен қоса, памплондықтар 6-шы минутта есеп ашты. Жылдам салынған голдың, кез келген ойында гол еншілеген командаға психологиялық басымдылық берері анық. Онымен қоса, "Атлетиконың" бір проблемасы бар: матчта бірінші болып гол өткізсе,  команда ойынында айтарлықтай қиындықтар туындайды. Ол проблема мадридтіктерді бүгін де айналып өткен жоқ. "Атлетиконың" ес жия алмай есеңгірегенің пайдаланған алаң иелері, 21-ші минутта-ақ есепті еселеді. Онымен қоймай, "Осасуна" бірінші бөліктің аяқ жағында есепті іріледі. Екінші таймда памплондықтар мадридіктерге, тіпті есепті 2 голға қысқартатын мүмкіндік бермей сенімді жеңіске жетті.

23 ақпан. Памплона. Стадион "Рейно де Наварра". Төреші - Хуан Мунера (Бенидорм).

ОСАСУНА - АТЛЕТИКО - 3:0 (3:0)
 Сехудо, 6 (1:0). Арментерос, 21 (2:0). Роберто Торрес, 42 (3:0).
Осасуна Атлетико
 Андрес Фернандес  Тибо Куртуа
 Дамья  Фелипе
 Алехандро Аррибас  Тоби Алдервейрелд
 Жордан Лотье, 80  Диего Годин
 Марк Бертран, 46  Хуанфран
 Франциско Сильва  Диего, 59
 Мануэль Лоло  Адриан
 Эмилиано Арментерос  Габи
 Роберто Торрес  Марио Суарес, 46
 Альваро Сехудо, 84  Давид Вилья, 61
 Ориоль Риера  Диего Коста
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Мате Оир, 46  Коке, 46
 Мигель Фланьо, 80  Арда Туран, 59
 Рауль Лоэ, 84  Рауль Гарсия, 61

Ескерту:

   Марио Суарес, 34

 

Испан Примьерасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар; Вальядолид-Леванте-1:1 Голдар: Виктор, 25( 0:1). Хави Герра, 52(1:1). Сельта-Хетафе-1:1 Голдар: Лафита, 20(0:1). Рафинья, 59(1:1). Альмерия-Малага-0:0 Райо Вальекано-Севилья-0:1 Гол: Коке, 57(0:1) Бетис-Атлетик-0:2 Голдар: Муниаин, 34(0:1, пенальтиден). Гильермо, 81(0:2). Валенсия-Гранада-2:1 Голдар: Пити, 47(0:1). Пако Алькасер, 64(1:1). Везу, 90+1(2:1).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын  жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  РЕАЛ МАДРИД 25 20 3 2 71-24 63
2  БАРСЕЛОНА 25 19 3 3 70-20 60
3  АТЛЕТИКО 25 19 3 3 59-19 60
4  АТЛЕТИК 25 14 5 6 45-30 47
5  РЕАЛ СОСЬЕДАД 25 12 7 6 46-35 43
6  ВИЛЬЯРРЕАЛ 24 12 4 8 44-29 40
7  ВАЛЕНСИЯ 25 10 5 10 38-36 35
8  СЕВИЛЬЯ 25 9 8 8 43-41 35
9  ЛЕВАНТЕ 25 8 9 8 24-31 33
10  ЭСПАНЬОЛ 24 9 5 10 28-30 32
11  СЕЛЬТА 25 8 6 11 32-36 30
12  ОСАСУНА 25 8 5 12 24-37 29
13  ГРАНАДА 25 8 3 14 22-32 27
14  ЭЛЬЧЕ 25 6 8 11 22-37 26
15  ХЕТАФЕ 25 7 5 13 23-40 26
16  АЛЬМЕРИЯ 25 7 5 13 24-42 26
17  МАЛАГА 25 6 7 12 23-34 25
18  ВАЛЬЯДОЛИД 25 4 10 11 27-43 22
19  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 25 6 2 17 25-59 20
20  БЕТИС 25 3 5 17 20-55 14

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×