Жарыс жеңімпазы анықталды

25.02.2014, 01:37
Жарыс жеңімпазы анықталды
Осыдан 10 күн бұрын ойнатылған байқаудың нәтижесі шығарылды. "Аладоп.кз" сайтының ойы бойынша Семей қаласының тұрғыны Руслан есімді жігіт жарыс жеңімпазы деп табылды. Құттықтаймыз, біздің фейсбуктағы жеке парақшамызға хабарласыңыз. Жеңімпаз атанған пікір! "Жігіттер, сіздер мән-жайды анықтап, байыппен сөйлесеңіздер. Ұлттық құраманың бапкерін ауыстырғанымен қазақ футболы дами салмайды. Ол — факт. Ұлттық құрама ол үлкен таудың тек шыңы ғана. Көп адам тауға қарағанда тек оның шыңына ғана көз жүгіртеді. Ол да сол секілді. Ал сол шыңды ұстап тұратын, қарапайым бір тастар екені даусыз. Сондықтан да, Ұлттық құраманың мәселесіне алаңдаудың еш керегі шамалы. Ең алдымен етектегі елдік футболды ойлайық. Одан да сол ауылда футболды өзіміз дамытайық. Турнирлер ұйымдастырайық. Жорналшыларды шақырайық. Осылай әрекет етсек, ел естіп, көпшілік көреді. Қазақта барлығы осындай жиындардан басталатынын білесіздер. Ауылды жердегі жігіттерді көрсету осыдан басталса деймін, өз басым."
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×